с ы н е с і м. 1. Ірі, үлкен, дәу. Қара сұңқардың ең з о р л а р ы н ы ң тұрқы 50-55, ең кішілерінікі 45-50 см. Салмағы 800-1200 грамға дейін барады (Ж.Бабалықұлы, Қырандар). – Е, балам, қазір ондағыдай з о р атан қайда, ондағыдай ұзын құрық қайда (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Кез келді келе жатып з о р қышлаққа, Бір үйге барды қайыр сұрамаққа. «Ата-анаң аруағы үшін бір нан бер» деп, Мұңайып келіп тұрды есік жаққа (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сүйіншіні берді бүгін кім кімге, Өрге ұмтылып, Өлеңдетпеу мүмкін бе ?! Зәулім биік, з о р мұнара орнады, Беу, мүсінші! Беу, сәулеткер, іркілме (К.Салықов, Жезкиік). 2. Мықты, күшті. З о р дұспаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). // Мықты, күшті нәрсе, адам т.б. Тапқанын ұқыпсыздар тонатады, Егерде жігіт болсаң з о р атағы. Әркімдер оқ атады жүрегіңе Бұғып кеп, бұғынбай кеп оқ атады (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Студент кез елге жетсем қаладан, Сәлем бер деп сыбырлайтын жан анам. Қуанушы ем ақ батасын ардақтап, Ақыл, ғибрат алғандай з о р данадан (К.Салықов, Жезкиік). Бұл ақыл, ғылым – екеуі де өзін зорға есептемекті, з а л ы м д ы қ т ы, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді (Абай, Тол. жин.). Түсер ме есі дұрыс күндіз торға?! Ақылың жоқтығынан қалдың сорға. Мысалы мені алдап еш уақытта, Тор түгіл, түсіре алмассың онан з о р ғ а (А.Байтұрсынов, Шығ.). Өзіңнен з о р ғ а жол бер (Мақал-мәтел). Мінген ат ақалтеке құмай торы, Қамыстай қос құлағы, жылқы з о р ы, Әніне әріптестің шырқап салсам, Тау-тастың жаңғырады ылди- өрі (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жамандар өзін-өзі з о р ғ а балар, Бір өзінен басқаны төмен санар. Жақсылар ағын судай, асқар таудай, Жаймалап қайда жақсы орын алар (Шал ақын, Өлеңд.).
3. Ерекше, айрықша, орасан. Болмашы боранға, жауын-шашынға, топтанған бұлтқа, ауысқан желге, керек десе, жаңа айдың қалай туғанына шейін қазақтың з о р мағына беруі әшейін еріккеннен тапқан ермегі емес, қыстың ауыр я жеңіл өтуінен тіршілігі өзгеретін, жеңіл болса құт, ауыр болса – жұт болатындығын байқаған тәжірибеден шыққан нәрсе (М.Дулатов, Шығ.). Сондықтан пайдасына ортақ болып отырып, шығынына жоламауымыз з о р кемшілік, үлкен ұят (М.Дулатов, Шығ.). 4. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. с ө й л е у. Қатты, ауыр. Олар алаңсыз оқып, белгілі бір медресені бітіргеннен кейін елге шығып мұғалім болмаған соң, қазақта белгілі оқу жылының жоқтығы сол, мұнан з о р зиян бар (М.Дулатов, Шығ.). Дос-жарын жиып, Мұжық жәрдем сұрады: «Қайғымды,– Мұжық айтты,– шағам, жұртым! Сендерден жақын кімді табам, жұртым! Ұшырап з о р қазаға – жайым мынау!» (А.Байтұрсынов, Шығ.). Есімде сол кеш... Екінді. Болғандай бір з о р қаза. Оқып жатқан секілді Бүкіл қала жаназа (Ғ. Қайырбеков, Көнсадақ). Ол да маған ұмтылды, Арыстандай жұлқынды. Сойылымен сілтеді, Басыма з о р күн туды (О.Шипин, Дастан.). З о р қайғыға душар болдың арылмас, Енді Көңбай сорлының Сүйегін де әкелер жан табылмас (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ағыны з о р ағалық үгітімнің, Қостау тапсын ақтұйғын жігіт үлгің. Королі бол нарықтың халқым сүйген, үлкені сол тілеген үмітімнің (К.Салықов, Жезкиік). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Көп, мол. Балауса едің балбыраған балдырған, Өзгеге салқын Жүректі жеңіл жандырған. Бір көрудің З о р бақыты бар дейді, Жүйіткіп бір өтші алдымнан, Бейнеңді естен қалдырман (К.Салықов, Жезкиік). Ерлерім – үздік өренім, Көрсетті көпке өнерін; Аяқтап болып з о р істі, Тудырды шаттық жеңісті (К.Әзірбаев,
Таңд. шығ.). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қатты шығатын, ащы (дауыс). Құстардың ішінде дауысы з о р л а р ы да бар (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.). «Асуда әлдеқандай болармыз?» – деп, Жар-досқа бұл – наз-күйірке күңкілдей-ақ. Ауыр күн мұнан артық не болады, З о р дауыс – саһардағы сұңқылдай-ақ? (О.Шораяқов, Шайыр). Жүріп кетті ол сермеді де қолды бір, Тағы естілді дала жақтан з о р дүбір, Тұрмын тыңдап, тағы естілді таныс ән, Гүл теруге келген достар болды бұл (М.Шаханов, Ғасырлар.).