Зұлым

lat: Zulym

[ар.] с ы н е с і м. Сұм, сұрқия, қанішер, жауыз. Тұтастай алып қарағанда, «Жазагер жады...» поэмасы кез келген алаяқ, мансапқор, з ұ л ы м, мейірімсіз, қанағаты жоқ, арамза, обыр, залым басшылардың жетегінде кетуге бейім, төңірегіміздегі соқыр сенімді тобырлардың ой-сезіміне сәуле құйып, санасын жетілдіре түсетін, «көзін қойып, көңілін ашатын» шығарма (Ә. Нарымбетов, М.Шахановтың «Жазагер жады...» туралы). Отанға біздің, з ұ л ы м жау Қан тұмсығын батырды. Жүрмек болдым майданға Берекеірлік істеңдер Ақылым осы ақырғы (Қ.Жапсарбаев, Сөйле). // Қанішер, жауыз адам. Қош, аға, қолыңды бер, жоқпын енді. Жазықсыз қос шырағым ерте сөнді. Жолында бостандықтың мен құрбанмын, Жібермей з ұ л ы м д а р ғ а ал кегімді, Деді де Жапар бала көзін жұмды, Иегін жалғыз қағып, жаны тынды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).