Зымыран

lat: Zymyran

з а т е с і м. 1. з о о л о г и я л ы қ. <лат. alcedo atthis> Кішкентай ұшқыр құс. Кішкентай ұшқыр құс. З ы м ы р а н дейтін бір құс бар, З ы м ы р а н құстың төресі. Жауғанда жерге тұңғыш қар З ы м ы р а н құсты көресің (Ө. Нұрғалиев, Ай асты.). З ы м ы р а н деген бір құс бар, Кішіден кіші денесі. Көкірегін бірақ тік ұстар, Үлкеннен де үлкен дәмесі (Ғ.Қайырбеков, Алтын бесік). 2. ж а ң а. <нем. Rakete> Реактивті двигателі бар ұшқышсыз ұшатын аппарат; ғарыш кемесі. Қозғалды жарықтан да жылдамырақ Арбадан з ы м ы р а н ғ а бір-ақ ырғып (О.Сүлейменов, Атамекен). Тартып алып бар қуатын күннің де, Сапар шектің з ы м ы р а н ғ а міндің де Жасадың сен әлемге де қожалық Жұлдыздарды жайлайтұғын кез анық (О.Иманғалиев, Сәуір). // Жүйрік, ұшқыр. Сағыныш! Көбірек жүріп кеттім-ау деймін көшеңнен, Көбірек тартып кеттім-ау деймін кесеңнен. Артық та болар ма екен-ау осынау з ы м ы р а н жылдар ішінде Күн сайын сені жүз рет көрдім десем мен! (Т.Айбергенов, Мен Саған.). Төсеймін саған, мінеки, бақ барақ десең, Жолыңа құрбан з ы м ы р а н жарау ат та әсем. Наубайлар буы бұрқырап мынау қырлардан, Далама келдің ақ бидай піскен шақта сен (Т. Айбергенов, Мен Cаған.).