lat: aman
1) қауіпсіздік, тыныштық.
2) аяушылық, есіркеу, рақымдылық.
3) ауыс. сау, есен. Басы аманның малы түгел (мақал).
Білмейді тұрарын да, қашарын да,
Қайтсе аман еркіндікпен жасарын да (С. Торайғыров).
Наданның көңілі соқыр – шықпас көсем,
Өзіңмен бірдей болсын жарың шешен.
Жасықтан ашық мінез табылмайды,
Айта алмас көп ішінде аман, есен (Ақан сері).