ақ

lat: aq

1) айыпсыз, таза. 2) анық, рас. 3) құдай, тәңір.

Ақтың отын ақымақ сөндіре алмайды (мақал).

Өмірге деген құштарлығын, ақ махаббатын кескінінен байқауға болады (X. Әдібаев).

Бағамын қойды өзім-ақ,

Жүрмісің ұлдан кем көріп.

Тұжырым солай, сөзім ақ,

Болса егер осы менде ерік, – дейді Зылиха (О. Иманәлиев).

Жұмыр басты пендеге – өлім ақ (мәтел).

Әркімнің ықыласы аққа аян (Қаңлы Жүсіп).

Сәруардың тура жолын сілтемекке,

Емес пе әулетіне анық мирас?

Өсиет былайғыға айтпақ түгіл,

Ақ жолын өзі адасып, айлады лас (Қаңлы Жүсіп).