lat: dúnıejúzi
бүкіл әлем, бүкіл жер жүзі.
Хорезм мәдениетінің іргетасын қалаған – Қаңлы-Қыпшақ елдері. Сол ерте заманның үзілмей келе жатқан мәдени қоры араб мәдениетіне келіп жалғасты. Мұса ибн Мұхаммед әл-Хорезми, Абунасыр әл-Фараби, Әбұлрайхан әл-Бируни, басқасын қойғанда, дәл осы үш есімнің өзі-ақ дүниежүзінің мәдени ошағының үш аяғы деуге болады (А. Машанов).
Сонау Орхон-Енисей жазуларын, ескі түркі, шағатай сөздерін, дүниежүзі тілдерінің тарихын Құдайберген бізге кітапсыз-ақ, жақсы ұғындырған еді (Қ. Бекхожин).