lat: daý
1) талаптану, талап қылу. 2) бекіту. 3) шағым, іздену. 4) даушар, айтыс-тартыс.
Алтын – шірімейді, дау – ескірмейді (мақал).
Жансары тұқымы тырп ете алмай, дауға жиналған 40-50 кісіні күні-түні етке жықты да жатты (С. Мұқанов).
Байлардың бір кәсібі – ұрлық, сауда,
Жайылып малы жүред биік тауда.
Байлардың тауда жүрген малын алып,
Кірістім өз-өзімнен үлкен дауға (Шашубай).
Би екеу болса, дау төртеу болады... (Абай).