функция

lat: fýnksıa

(латынша functio атқару, орындау) Қандай болмасын қатынастар жүйесіндегі белгілі бір обьектінің сыртқы көрінісі, мысалы, организмдегі сезім мүшелерінің қызметі, ақшаның қызметі, мемлекеттіредің қоғамдағы және т.б. функциялары. Бірқатар иеалистік бағыттар ғылымды тек қана функцияның обьектілерін тізіп, анықтаумен шектеледі деп, олардың мәнін тануды жоққа шығарады.