хабаршы

lat: habarshy

хабар беруші, хабарлаушы.

Екінші ротамен байланыс телефон былай қалып, қос атты, қос жаяу хабаршылар дайындап жібердім (Б. Момышұлы).

Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті (М. Әуезов).