lat: hamsa
бес, бесеу,
«Хамса» – орта ғасырдағы әлемге белгілі шығыс ақындары – Низамидің, Хосровтың (Хосраудың),
Науаидің бес дастандық шығармаларының аттары. Жә, олай болса, адамды жаратушы хауаси хамса заһри бергенде, тахқиқ ойлап, олардың пайдасының барлығы түгел оған мұқтаж боларлығын біліп бергендігі әшкере тұр ғой (Абай). Науаи өзіне дейін өз халқының ешбір ақыны үдесінен шыға алмаған бір міндетті орындауды – ақындық тауының биік шыңына шығуды арман ететін. Бұл арман – өзінің ана тілінде «хамса» жасау болатын (Айбек).