көркем образ

lat: kórkem obraz

өнерде объективті шындықты белгілі бір эстетикалық мұрат тұрғысынан көрсету (бейнелеу) формасы. Көркем образ мәнісін дұрыс түсінудің гносеологиялық негізі жаңа бейнелеу теориясы болып табылады. Көркем образ өнерге тән нәрсе, өмір өзінің эстетикалық сан салалы сипатымен және мазмұнымен, үйлесімді біртұтастылығымен және қым-қиғаш ерекшеліктерімен суреткердің шығармашылық қиялымен, ұшқыр ойымен, талантымен және шеберлігімен нгеріліп, өңдеуден өтеді. Көркем образ объективті және субъективті, логикалық және сезімталдык, рационалды және эмоционалды, қарапайым және күрделі, абстрактылы және нақтылы, жалпылама және жеке, қажет және кездейсоқ, ішкі «заңды» және сыртқы, біртұтас және бөлшек нәрсенің, ақиқат пен құбылыстың, мазмұн мен форманың өзара тығыз, бір-бірімен қат-қабат араласып жатқан жиынтығы болып табылады. Шығармашылық процесс барысында осы қарама-қайшы құбылыстарды өнердің біртұтас, бірыңғай, жанды бейнесіне айналдыру арқасында суреткер адам өмірін, оның қызметі мен күресін, қуанышы мен қайғысын, ізденісі мен үмітін мән-мағыналы етіп, көңіл-күйі сезімдерімен, поэтикалық жағынан толымды және сонымен бірге терең шабытпен, қаз-қалпында көрсету мүмкіндігіне ие болады. Өнердіц әрбір түріне тән материалдық құралдардың (сөз, ырғақ, дыбыс екпіні, сурет, түс, жарық және көлеңке, линиялық арақатынастар, классика, пропорциялык, масштаб, мимика, киномонтаж, қомақты жоспар ракурс жәнс т. б.) көмегімен жүзеге асырылатын осылайша тоғысудың негізінде характер-обраадар, оқиға-образдар, ахуал образдар, тартыс-образдар, егжей-тегжейлі жәйттер образдары жасалып, олар белгілі бір эстетикалық идеялар мен сезімдерді суреттейді. Өзіне тән міндеті адамға (оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға) терең эстетикалық ләззат беру. Өнердің біртұтас эстетикалық міндеті арқылы көркем образ жүйесіпің көмегімен оның танымдық маңызы, адам дарға идеялық тәрбие, саяси, адамгершілік жағынан күшті ықпал етуі байқалып отырады.