классицизм

lat: klasısızm

(лат. сlassicus үлгілі) абсолютизмнің гүлдену дәуіріндегі (1718 ғасырлар) европа өнеріне тән көркемдік әдіс әрі эстетикалық теория. Классицизмнің эстетикалық бағдарламасы Н. Буалоның «Поэтикалық өнер» (1674) атты өлең түрінде жазылған трактаттарында барынша толық тұжырымдалған, онда ежелгі заман көркем шығармалары өнердің шынайы үлгілері ретінде көрінеді. Алайда ескі формаларға жаңаша идеялық мазмұн берілген: жалпы ұлттық мүдделер мадақталады, адамның жан дүниесіне ерекше назар аударылады. Осындай эстетикалық бағдарламаға негізделген реалистік тенденциялар, сайып келгенде, сарай салтанатына бөленген ақсүйектер мәдениетінің тар өрісті сословиелық сипатынан туындайтын басқа принциптеріне қайшы келді. Атап айтқанда ол төменгі сословиялардың «күйкі» тірлігін мүлде меңсінбейді. Мұның өзі классицизм өнерін жалаң абстрактілі рационалпзм мен схематизмге апарын ұрындырды. Классицизм үлгілері әсіресе Францияда дәйікті түрде өріс алды (Н. Корнель, Ж. Расин, Ж.-Б. Мольер, II. Пуссен және т. б.) 18 ғасырдың аяқ кезінде (мысалы, француз буржуазиялық революциясы тұсында) классицизм шеңберінде жас буржуазия табының революциясы өнері дами бастады (жас классицизм деп аталған бұл ағым Ж.Л. Давид шағырмашылығында толық көрініс тапты).