(лат. combinare— біріктіру, қосақтау) - математикалық логикадағы бағыттардың бірі, бұл классикалық математикалық логика шеңберіндө әрі қарай зерттеусіз қабылданатын ұғымдарды талдаумен айналысады. Олардың қатарына айнымалының, функцияның, ауыстыру ережесінің және т. б. ұғымдары жатады. Классикалық математикалық логикада екі түрлі ереже қолданылады. Біріншілері қарапайым тұжырымдалады және ешбір шек-теусіз пайдаланылады. Мысалы, modus ponens ережесі тап осындай. Бұл былайша тұжырымдалады: «Егер А болса онда «В» және «А» сөйлемі түйінделген болса, онда "В" сөйлемі түйінделеді. Бұл ереже бір актылы автоматтық орындалуға лайықты. Екіншілері (мысалы, ауыстыру ережесі) өте күрделі тұжырымдалады және бірқатар шектеулер мен ескертпелерді алға қояды (бұлай болмайынша олар таза формальды қолданылмайды). комбинаторлық логика мақсаттарының бірі — ауыстыру ережесі сияқты ережелер кездеспейтін формальдық жүйелерді жасап шығару.