конструктивті логика

lat: konstrýktıvti logıka

(лат. сontructіо құру)математикалық логикадағы бағыт. Конструктивті логиканың даму барысы Л. Брауэрдің, Г.Вейльдің, А. Гейтингтің еңбектерінен басталады. Конструктивті логиканың негізгі мұраты шекті жиындар үшін дұрыс принциптерді (мысалы, бүтіннің бөлшектен үлкендігі туралы ереже, үшіншіні жоққа шығару заңы) шексіз жиындарға көшіруді тыюдан тұрады. Шексіздік ұғымына классикалық және конструктивті логиканың көзқарастары әр түрлі: біріншісі шексіздікті көкейтесті, аяқталған деп, екіншісі - потенциалды, тасушы деп қарастырады. Конструктивті логикаға сондай-ақ объектілер мен жалқы логикалық-математикалық теориялардың индуктивті құрылымы (конструкциялау) тән. Қазіргі математикалық логика мен математиканың негізгі нәтижелеріне конструктивті логиканың принциптері тұрғысынан қайта қарауға әрекет жасалуда. Конструктивті логиканың дамуына Гедель, С.Клини, Тьюринг, А. Н. Колмогоров, А.А.Марков, Н.А.ІІІанин үлкен үлес қосты.