(генетикалық) тәсіл — теорияларды дедуктивтік ғылыми түрде құру тәсілдерінің бірі, (Дедуктивтік тәсіл). Конструктивтік тәсіл идеясы 20 ғасыр басында математикалық мен логикалы аксиоматикалық негіздеудегі оғаштықтарды жеңу мақсатында пайда болып, (Гильберттің, Л.Я.Брауэр, А. Гейтинг, А.Н.Колмогоров, А.А.Марков, М.Лоренц т. б. еңбектерінде жетілдірілді, Теорияны конструктивтік жолмен құрудың аксиоматикалық тәсілден өзгешелігі: осы теория шеңберіндегі дәлелденбейтін бастауларды және анықталмайтыи терминдерді ең аз мөлшерге ғана келтіріп қоймайды, сондай-ақ олардың мазмұны түрде негізделуше арнайы қамқорлық жасайды. Конструктивтік тәсілдің атқаратын басты міндеті — формальды жүйедегі қарастырылатын объектілер мен олар жайындағы тұжырымдарды біртіндеп (қолдағы бар құралдар негізінде реальды түрде іске асыру мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып) конструкциялау. Теориялық бастапқы объектілердің берілуі және жаңалардың жасалуы арнайы операционалдық (конструктивтік) ережелер мен анықтамалардың көмегі арқылы іске асады. Жүйенің қалған барлық тұжырымдары конструктивтік теориялар үшін түйіндеудің ерекше техникасынан және математикалық индукция принципіне негізделген рекурсиптік деп аталатын анықтамалардан келіп шығады. Қазіргі кезде конструктивтік тәсіл тек формальды ғылым салалары — математикалық мен логикада кең колданылуында. Алайда оның табиғат туралы ғылымдарды құру үшін де қолданылу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.