мереке

lat: mereke

ауыс. салтанатты мейрам, той.

Бастаймын мерекенің бастамасын, Келсе де май апта сайын, күн сайын (Қ. Аманжолов).

Октябрь мерекесі қарсаңында бірнеше күнге демалысқа босап, Сәтжан да үйіне қайтты (С. Бегалин).

Астық ол бейбіт күннің мерекесі (О. Шипин).

Даусыздық береке, жаусыздық мереке (мақал).