әлеуметтік шындықтың түрлі салаларындағы (экономика, саясат, тұрмыс т. б.) олардың тенденциялары мен даму заңдылықтарындағы қоғамдық қатынастарды саралау және зерттеулердің теориялық және эмпирикалық тәсіллдерін (нақтылы социологиялық зерттеулер тәсілі), ескере отырма белгілі бір жүйеге келтіру. Нақтылы социологиялық зерттеулер қоғамның экономикалық әлеуметтік- саяси және рухани өмірінің ерекшеліктеріне байланысты туындайтын белгілі бір қоғамдық құбылыстың құрылымы мен оның қмимыд қарекеттерін, сонымен бірге басқа да әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде айқындалатын заңдылықтарды жүйелі түрде қарастырады. Бұл процесстердің бәрінде де эономикалық заңдылықтар шешуші орын алады. Нақтылы социологиялық зерттеулердің теориялық базасы - жалпы социологиялық теория және соның негізінде жасалған жекелеген теориялар. Олар осы зерттеулердің ғылыми методологиялық функциясын атқарады және әлеуметтік шындық деректерін талдау мәселелеріне объективті түрде келу жолдарын айқындауға м.мкіндік береді. Нақтылы социологиялық зерттеулер -әлеуметтік тенденциялар ды талдаудың жаңа ұштастырудың маңызды құралы. Бұлар қоғам дамуының заңдылықтары туралы ғылыми теориялық қортындылардың дәйекті негіздемесі қызметін атқарады, соның нәтижесінде әлеуметтік процестерді реттеу және олардың оғамдағы басқару мәселлерімен байланысты шешім қабылдаудың қажетті шартты болып табылады. Бұл жерде мақсаты қоғамдық процестерді ғылыми тұрғыдан талдау болатын нақтылы социологиялық зерттеулерді практикалық жағынан тұрақты қолданбалы зерттеулер мен өтпелі түрдегі ақпараттық талдаулар дейтіндерден ажырата білу қажет. Жаңа нақтылы социологиялық зерттеулер позитивистік бағыттағы батыс елдеріндегі эмпирикалық социологиядан түбірінен өзгеше. Ол макромәселе және жекелеген, шағын әлеуметтік құбылыстар дейтіндерді тиянақты зерттеумен ұштасады. Қоғам өмірінің объективтік тенденцияларын талдау мәселелерін халықтың тіршілік жағдайларына субъективті зертеумен алмастыра отырып, эмпирикалық социология әлеуметтік процестердің санаға қатыссыз және терең көздерін ашуға қабілетсіздік танытты. 60 жылдардың ортасынан бастап социологияның батыстық мектебінде зерттуелердің теориялық модельдерінің дағдарысқа ұшырау мәселелері төңірегінде айтыс жүріп жатыр.