натурализм

lat: natýralızm

19 ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан өнерге деген эстетикалық көзқарастар жүйесі және соған сәйкес көркемдік әдіс. Натурализмнің философиялық негізі - позитивизм болды. Болмыстың мәнді терең процестеріне енуді алдына міндет етіп қоймастан, Натурализм көркем шығармашылықты оның кездейсоқ жеке-дара көріністері мен құбылыстарын көшірмелеуге әкеліп тіреді. Натурализмнің эстетикалық тұжырымдамасының қайшылығы Э.Золяда айқын көрінді, оның шығармашылығы әлеуметтік және биологиялық құбылыстардың ұқсастығы туралы, өнердің саясат пен моральдан тәуелсіз екені және т.б. туралы теориялық пікірлеріне көбінесе қайшы келіп отырды. Натурализмге тән физиологизм, жеңілтектік, мелодраматизм, көз тартарлық, сыртқы сұлулық және т.б. шет елдерде "бұқаралық мәдениеттің" алуан түрлі жанрларында көрініс табады. Натурализмді жақтаушылар уағыздайтын тікелей енжарлық идеялар әлеуметтік күрестен бастартуға әкелді, адамдардың қуанышы мен азабына немқұрайлы қарау, адам өмірінің ұждансыз жақтарына ерекше ынтасы Натурализмді өнердегі формалистік бағыттармен жақындастырды.