Обьективті шындықтан ғана тұрмай, сонымен қатар сезімдік болмысты айқындайтын идеялизмдегі оң биік тектік ұғым. Бұл ұғымның обьективті шындыққа қатынасын түсіндіруге орай ол бір-бірінен мынадай теориялар бойынша ажыратылады; 1.Обьективті идеяның дуалистік теориясы (Мегарлық мектеп, Декарт) – ол нәрсенің мәнін сезімдік болмысқа ешқандай қатысы жоқ ерекше идеялды шындық деп үйретеді. 2. Обьективті идеяның монистік теориясы нәрсенің идеяларға еліктеуі. Идеялардың нәрседен болуы сияқты ұғымдарды пайдаланып, идеялды дүниенің сезімдік дүниеге әсерінің мәнін баса көрсетеді. Бұл моннах өзінің бір формасында (Платон) дербес өмір сүретін идеялды дүниенің шындыққа тигізетін әсері туралы сөз етеді. Басқа формасында (Гегель) осындай монизм обьектиыті даму үстіндегі логикалық категориялар ретінде қарастырады. 3. Эманациялық теория бойынша обьективті идеалды алғашқылық принцпінің көмегімен пайда болған және қалыптасқан барлық сезімдік дүниеге нәрсенің алғашқылығын үйретеді.