Барлық түрлер мен көріністегі бүкіл материалдық дүни, философияның негізгі мәсеесі тұрғысынан алғанда Обьективтік шындыққа адам санасының тыс өмір сүретін, оған қарағанда алғашқы болып табылатын нәрселердің барлығы жатады. Обьективтік шындық ұғымында қатыстылық сипат бар. Жеке адамға қатыстылығын алсақ, обьективті шындық дегеніміз – оның санасынан тыс өмір сүріп, санасында бейнелейтін нәрселердің барлығы. Егер дүние туралы жеке адамның көзқарасын есепке алмасақ онда обьективті шындық бүкіл материалдық бар нәрсенің өзі деп айтуға болады. Ал материалды шындықтың құрамына әр түрлі материалдық обьектілер олардың қасиеттері, кеңістік, уақыт, қозғалыс заңдар, әртүрлі қоғамдық құбылыстар – өндірістік қатынастар, мемлекеттік мәдениет және т.с.с. кіреді. Бірақ осыған қарап обьективті шындық ұғымы «материя» ұғымына көреғар деп есептеуге болмайды. Мұндай түсінік материяны оның өмір сүруіне мүмкін емес көп түрлі қасиеттері мен көріністерінен бөліп алған жағдайда ғана пайда болады. Қозғалыс кеңістік, уақыт,өмір және т.с.с. осының бәрі күрделірек дәрежесі жағынан әртүрлі материя түрлерінің қасиеттері, осының бәрінің жиынтығы тұтас дүние немесе обьективті шындық (болмыс) болып табылады.