оптимизм мен пессимизм

lat: optımızm men pesımızm

(лат.optimus-ең жақсы ,pessimus-ең жаман),- оқиғалар барысыңа екі түрлі қарама-қайшы көзқарастар: Оптимизм - жарқын болашаққа, қайырымдықтың зұлымдықты, әділеттіліктіктің әділетсіздікті жеңетініне сепімділік. Пессимизм оқиғалар барысы жамандыққа ғана апарады дейтін көзқарастардан, үмітсіздік билеген көңіл-күйден , жақсылық пен әділеттік салтанатына сенбеушіліктен байқалады. Философия тарихында ойшылдар оптимистік дүниетанымды әрқилы уағыздаған: мысалы, ерте дәуірде Аристотель, Эпикур, ал жаңа дәуірде –Лейбниц. Лейбництің айтуынша қазіргі дүние мүмкін болған дүниелердің ішіндегі ең дұрысы. Лейбництің шексіз оптимизмі түптің түбінде өмірдегі зұлымдықты,бақытсыздықты қайғы-қасіретті ақтап шығады. Пессимизмнің негізін салушылар неміс философ-иррационалистері Шопенгауер, Э.Гартман және италиян ақыны Дж.Леопарди. Пессимизм заманы өтіп бара жатқан таптарға,мысалы, қазіргі заманғы буржуазияға тән көзқарас. Оптимизм мен пессимизмді сыңар жақтылықтан, зұлымдықтан қашып құтылуға болмайды, бірақ дүниені адам әрекеті арқылы жақсартуға болады деп есептейтін мелиоризм (лат.melior-жақсы) өкілдері құтқаруға тырысты. Бұл сөз атауын XIX ғасырда ағылшын жазушысы Дж.Элиот және француз философы Дж.Селли еңгізген. Мелиоризмді жақтаушылар дүниені адамның жеке басын жетілдіру,білім арқылы ғана жақсартуға болады дейді. Маркстік теория болашақ коммунистік қоғам туралы ғылыми болжамға, қоғамның даму заңдарын танып-білуге негізделген тарихи оптимизмді қуаттайды.