(грекше Paradeigm-мысал, үлгі) -қазіргі кезеңде ғылыми практикада жүзеге асырылатын нақты ғылыми зерттеуді айқындайтын теориялық және методологиялық алғышарттар жиынтығы. Парадигма проблемаларды таңдаудың негізі және зерттеу міндеттерін шешу үшін модель, үлгі болып табылады. «Парадигма» ұғымын американ ғалымы Т. Кун (1922 ж.т) енгізген. Кунның пайымдауынша (Ғылыми революциялардың құрылымы,1962) . Парадигма зерттеу жұмыстарында туындаған қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді, ғылыми револоция нәтижесінде ғылымның құрылымында болып жатқан және жаңа эмпирикалық деректердің үндестігіне байланысты өзгерістерді байқауға жәрдемдеседі. Алайда «Парадигма» ұғымында ғылым дамуының дүниетанымдық және әлеуметтік параметрлері жеткілікті деңгейде емес. Ғылымтану жөніндегі зерттеулерде ғылылми ойлау стиліндегі ( тұрпатындағы) ұғымдар пайдаланылады.