парадокстар

lat: paradokstar

Парадокстар ( логика мен жиындар теориясында), (грекшеparadoxos күтпеген, оқыс) пайымдаудың логикалық дұрыстығын сақтау жағдайында жиындар теориясы мен формалды логикада туындайтын формалды- логикалық қарама- қайшылықтар. Парадокстар бірі-бірі теріске шығаратын ( қарама- қайшы) екі пайымдау тең дәрежеде дәлелденетін жағдайда пайда болады. Парадокстар ғылыми теория шеңберінде де, кәдуілгі пайымдауларда да болуы мүмкін ( мыс.барлық қалыпты жиындардың жиыны туралы өзінің нерадоксі туралы Рассел келтірген: перидроза (« Деревня шаштаразы деревнясының өздері қырынбайтын тұрғындарының ғана олардың барлығының сақал мұртын алады. Ол өз сақал мұртын алуға тиіс пе?»). Формалды- логикалық қарама-қайшылықты анықтау және дәлелдеу құралы ретіндегі пайымдауды қажетсіз ететіндіктен Парадокстар пайда болған теорияда кез келген (ақиқат сөйлемді де, жалған сөйлемді де дәлелдеуге болады) Парадокстардың көздерін анықтау және оларды жою тәсілдерін табу міндеті пайда болады. Диалектикалық талдау парадокстардың формалды логикада пән және пәндік сала, логика мен жиындар теориясында жиын, класс ұғымдарына, ғылымда жаңа ( абстрактілі) объектілерді қарастыруды енгізуге мүмкіндік беретін абстракция принципін қолдануға, абстрактілі объектілерді анықтау тәсілдеріне және басқаларға байланысты терең диалектикалық және гносеологиялық қиындықтардың айғағы болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан барлық Парадокстардан арылудың әмбебап тәсілдерінің болуы мүмкін емес. Парадокстардың нақты шешімдерін философиялық ой елегінен өткізу проблемасы- формалды логика мен математиканың логикалық негіздерінің маңызды методологиялық проблемаларының бірі Антиномия, Семантикалық антиномиялар.)