( грекше Patris- отан) – адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс. Патриотизм- адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ойы терең, сезімдерінің бірі. Туған жерге, тілге, салт- дәстүрлерге адал болып, олардан қол үзбеу түрінде патриотизмнің тарихи элементтері көне заманда ақ қалыптаса бастаған.