ежелгі гректің философиялық идеалистік мектебі, оның негізін Афинаға жақын жерде Платон қалаған (б.з.б. 387 ж.), және мифтік кейіпкер Академияның есімімен аталған. Платон академиясы ежелгі материализмге қарсы шықты. Өзінің мың жылдық тарихының түрлі кезеңдерінде негізгі идеалистік мектептердің ықпалында болды. Математика мен астрономияның дамуында зор роль атқарған. Ежелгі Академия дейтіндер( Спевсини және т.б. б.з.б. 4-3 ғ.) Пифагоризмнің ықпалы күшейді. Платонның көзқарастары онда сандардың мистикалық теориясы негізінде жүйеленді. Ортаңғы Академия( Аркесилай және т.б. б.а.б. 3 ғ) скептицизмнің ықпалында болды. Жаңа Академия ( Карнеад және т.б. б.з.б. 2-1 ғ.) Ортаңғы Академияның скептицизмін төмендетіп, стоиктердің ақиқат туралы іліміне қарсы шықты. Кейіннен Платон академиясы платонизмдегі, стоицизмді, аристотелизмді және басқа мектептерді эклектикалықпен біріктірді. 4-5 ғасырларда академия неоплатонизм позициясына біржолата көшті( Плутарх). Академияны 529 ж. Император Юстиниан таратып жіберді. Қайта өрлеу дәуірінде Флоренцияда Платон академиясы дейтін құрылды(1459-1521), ол платонизм позициясы тұрғысынан схоластикандырылған Аристотельге қарсы күресті, Платонның еңбектерін аударып, оларға түсініктеме берді. ( М. Фичино).