дүниені тану мен өзгерту процесінде фактілерді немесе білімдерді бір ізге салуға қызмет ететін, олардың кейібр жиынтығының түпнегізі ретінде көрінетін ғылыми танымның ерекше формасы. Әдебиетте философиялық принциптер - ереже, іргетас, басшы идея, басты ұғым, түсініктер арасындағы дәнекер буын, құбылыстың қажеттігінің немесе заңының көрінісі, заңдар арасындағы қатынас және басқа бір білімге жол ашатын білім. Мәселе, бұл арада принциптің мәнісіне бірыңғай көзқарастың болмауында емес, принциптің логикалық мазмұнының толымдылығында, оның табиғатының сан қырлы сипат алуында болып отыр. Әртүрлі таным (әрі практикалық ) жағдайларында нақты шарттарға байланысты. Принциптің белгілі бір қыры бірінші кезекте шығып, ол тиісті функция атқарады. Өзінің логикалық формасы жөнінен принцип ғылыми дерек, заң, идея, ұғым және т.б. болуы мүмкін. Ал егер принциптің танымда атқаратын ролін алатын болсақ, ол түп негіз, ереже, заңдар мен ұғым түсініктер арасындағы арақатынас және т.б. ретінде қарастырылуы мүмкін. Принцип проблемасын болмыстың бастапқы принципін іздеу ерте заман философиясында пайда болды. Болмыстың бастапқы принципін ретінде ертедегі ғалымдар белгілі бір субстанционалды алса, ал Анаксимандр әлдеқайда абстрактылы және белгісіз ұғымды - апейронды алды. Философияның одан әрі дамуында да ойшылдар оның негізгі міндеті - болмыс негіздерін табуда деп білді. Бұл орайда болмыстың тұжырымдалған принципін дүниені түсінудің, оның танып-білудің бастапқы пункті деп есептелініп келді. Ұзақ уақыт бойы философияда принципке ойлау жүйесінің ақиқатпен байланысы жоқ, жалаң құбылыс ретінде қарау болды. Ол Р.Декарттың туа бітті идеялар дейтін теориясынан басталады, оны Г.В.Лейбниц туабітті принциптер теориясында одан әрі дамытады. Принциптің тәжірбие арқылы дүниеге келгенін дәлелдеген ағылшын және француз материалистері болды. Ал Л.Фейербах тұжырырымдаманы сынға алды. Кант пен Гегель философиядағы принципке байыпты түрде назар аударды. Мысалы Кант принципке негізгі ұғымдарды жатқызды, ғылымның өзін принциптерге сәйкес ықшамдалған білімдер жүйесі деп есептеді, бірақ сонымен бірге, Кант бойынша, принцип тәжірбиеден алынған білім емес, ақыл-ойдың априорлық формасы. Гегель пирнциптің ең басты құндылығы деп оның априорлық формасы. Гегель принциптің ең басты құндылығы деп оның нақты таным прцесіне араласуында деп білді, өйткені принцип танымды дамытуға қатыспайынша бәрін бірдей жасырып, жұмбақ күйінде сақтайды. Бірақ идеалист ретінде Гегель обьективті дүние жөнінде принциптер тобы болатынын атап көрсетті. Принцип табиғатының идеалистік түсінігі жаңа философияда ғана шыңдап сыңға алынды, оның диалектикалық-материалистік ұғымын бекітті. Ф.Энгельстің атап көрсеткеніндей, шындық өмірде "принциптер табиғатқа және адам тарихына қолданылмайды, олардың абстракцияланады: принциптермен санасатын табиғат пен адамзат емес, керісінше, принциптер табиғат пен тарихқа сәйкес келетіндіктен ғана олар дұрыс.Затқа бірден бір материалистік көзқарас осындай, ал қарама-қайшы көзқарас дегеніміз ... идеалистік көзқарас" (Энгельс Ф, Анти-Дюринг). (Маркс К, Энгельс Ф, шығарма., 20-том, 34-б) Соынмен: 1) Принцип ойлау жүйесінен емес, материалдық ақиқаттан алынады; 2) Принцип табиғат пен тарихқа сәйкес келетіндіктен ғана дұрыс; 3) "принциптер" - зерттеудің бастапқы пункті емес, оның қорытынды нәтижесі. (Энгельс Ф, Сонда).Принцип тарихи практиканы қорыту барасында пайда болады. Бірақ ол бар білімді логикалық өңдеуден өткізу нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Принципке материалистік көзқарас осындай, ал принциптер диалектикасы, ойлау жүйесінің басқа формалары сияқты, өте күрделі. Танымда принциптің үш негізгі түрі бар, олар: - формалды-логикалық, математикалық жаратылыстану немесе нақты ғылыми және философиялық принциптер. Олардың арасында тығыз байланыс, өзара толықтыру бар. Қандай да болмасын принцип формасы жағынан белгілі бір дәрежеде жинақталған білім болғандықтан, оның танымда атқаратын ролі осы қорыту деңгейіне байланысты формалды- логикалық принциптер білімді дұрыс ұйымдастыруға және онда қамтылатын қағидаларға түзету жасауға ғана қызмет етеді. Ғылыми жаратылыстану принциптерді білімді жүйелеуге ғана емес, сонымен бірге оны териялық тұрғыдан интеграциялауға да қатысады. Философия принциптері өздерінің бәрін бірдей қамту және түбірлі сипатымен ерекшеленді, оның танымда атқаратын жалпы теориялық және методологиялық ролі осымен айқындалады. Философия принципті танымда әр түрлі міндеттер атқарады. Ең алдымен ол теорияның іргелі, бастапқы негізі болып табылады. Теорияның бастапқы пункті теорияның өз құралдарымен логикалық негізге ие бола алмауы себепті, жасалған тәжірбиені болашаққа тарату мүмкіндігіне ғана ие болады. Екіншіден, философия принципті жеке ғылыми танымы ( ғалымдар саналы немесе тіпті санасыз түрде пайдаланған жағдайда) дүниетанымдық бағдарлар мен методологиялық реттеуіштер ретінде көрінеді. Үшіншіден, филсофия принципті білім жүйесінде синтетикалық интегративті міндет атқарады, дүниенің біртұтас ғылыми көрінісін тануды дамытудың әрбір кезеңінде "төгілетін" "қан мен тер" сіңген берік қаңқа болып табылады.Төртіншіден, принципті оның гносеологиялық міндетіне қарай заң ретінде қарастыруға болады. Осыдан келіп ғылым принципті- бұл заң принцип формасында қарастырудың маңызы зор, өйткені табиғаттың, қоғамның және ойлау жүйесінің көптеген заңдары таным процесінде реттеуші және интегративтік міндеттер атқарып, өздерін принципті рітнде айқындайды. Философия принциптерінің де өз типтері болуы мүмкін. Әдетте принциптер болмыс принциптер болмыс принциптері және таным принциптері болып екіге бөлінеді. Біріншісіне дүниенің даму, жалпыға бірдей байланысы, өзара іс-қимылы, обьективтілігі, оның материалдық бірлігі принциптері жатады. Олар негізгі принциптер болып табылады, ал олардың мазмұны неғұрлым жекелеген принциптер, заңдар мен категориялар жүйесінде ашылады. Таным принциптеріне дүниенің танылу, шыңдықтың нақтылығы, тарихнамада, тарихи және логикалық ұғымдардың бірлігі, абстрактылы түсініктің нақты түсінікке айналу және басқа да принциптері жатады. Принциптің атқаратын міндеті оның типіне, нақты практикалық және танымдық жағдайға байланысты. Бұл орайда принцип - ережелердің апириорлық тізбегі мен обьектінің формалары емес адамның белсенді нақты және танымдық қызметінің нәтижесі болып табылады. Ойлау жүйесінің логикалық формаларының жай-жапсарын ашып көрсетуге қазақстандық философтар айрықша назар аударады. Жинақталған білім ретінде принцип практика жүзінде қуатталуға тиіс, сонда ғана ол танымның даму барысында ұдайы толығып отыратын тұрақты құбылысқа айналады. Принциптің ролін танымға ғана апарып салу қателік болар еді. Жинақталған, тұрақты білім түрінде қолданыла отырып, принциптің зор практикалық бағыты болады, яғни әлеуметтік ақиқатты өзгертуге де бағдарлық негіз болып табылады.