(грекше pragma - іс, әрекет) - қазіргі шетелдік философияда кеңінен таралған субьективтік идеалистік адым. Прагматизм философиясының әлегі "прагматизм принципі" дейтін болып табылады, ол білімнің маңызын оның практикалық нәтижелері арқылы белгілейді. (Пирс). Джеймстің еңбектерінде прагматизм философиясы дауларды белгілі бір теориядан туындайтын "практикалық нәтижелерді" салыстыру жолымен шешудің әдісі ретінде және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз өзімізге жақынырақ жұмыс істейтін", өмірдің әр қырына бәрінен де жақсы үйлесетін және біздің тәжірбиеміздің бүкіл жиынтығына қосуға болатын" нәрсе. "Парктика" мен ақиқатты субьективтік тұрғыдан түсіну прагматизмді ұтымды (идеяны) іс-қимылдың "құралы" ретінде (Дьюи), ал танымды субьективтік ақиқаттардың жиынтығы ретінде (Фердинанд Шиллердің "гуманизмі") анықтауға әкеліп соғады. Алайда прагматизм практикалық пайдалылық деп обьективті ақиқаттың практика критерийінде қуатталуын емес, қайта индивидтің субьективтік мүдделерін қанағаттандыратынды түсінеді. Шындықты түсіндіруде прагматизм эмпириокритицизмдмен тектес "радикалдық эмпиризмтеп" туыстасады. Прагматизмде обьективті реалдылық "тәжірбиемен" теңестіріледі, ал танымның субьектісі мен обьектісінің бөлінуі тек тәжірбие жүзінде ғана жасалады. "Радикалдық эмпиризмді" және ақиқатты практикалық жағынан пайдалы деп түсінуді негізге ала отырып,прагматизм осының бәрінен практикалық мақсатта, тек қана практика үшін құдайды шығарады. Логикада прагматизм иррационализмге әкеп соғады: ол Джеймсте - ашықформасында, Дьюрида- "ғылыми зерттеу логикасын -жасауға керектігін бүркемеленген түрде. Логиканың заңдары мен формаларын прагматизм пайдалы функциялар ретінде қарастырады. Этикада прагматизм мелиоризмді, яғни өмір сүріп отырған тәртіптерді біртіндеп жақсарту үмітін ұстанады. Социологияда прагматизм "ұлы адамдарға" табыгу мен буржуазиялық демократияның апалогиясынан бастап, нәсілшілдікті тікелей қорғауға дейін (Шиллер) араласып отырады. Соңғы кезде прагматизм "тәжірбиелік натурализм" формасында немесе өзін неопозитивизм және семантикалық идеализммен жақындастыратын "неопрагматизм". ( Ч.Морристің "семиотикасы, Бриджменнің операционализмі, формалды логиканы К.Льюстің, И.Гудменнің және У.Куйнный прагматистік тұрғыдан түсіндіруі) формасында көрінуде. Прагматизм АҚШ-тың рухани өмірінде ұзақ уақыт үстемдік етіп, 2-дүниежүзілік соғыстан кейін ғана діни концепцияларға жол берді.