алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі экономикалық ұясы; ол өндіріс құрал-жабдықтарына, қоғамдық меншікке, еңбектің ерлер мен әйелдер, ересектер мен балалар арасында бөлінуідің табиғи формасы бар, коллективтік еңбекке және өндірілген өнімді бірлесіп бөлу мен тұтынуға негізделген томаға-тұйық, құрылымы қауымның дамуы қауым мүшелері тұрақты атқаратын еңбек түрлерінің күрделіленіп, көбейе түсуімен және осы түрлердің өзара байланысының күшеюімен (әсіресе неолит дәуірінде егіншілік пен мал шаруышылығына көшу кезінде), қауымға кірген отбасылық экономикалық дербестігінің артуымен сиптатталады. Қауымның шаруашылық отбасылық діни ғұрыптық тіршілігі әдетте, ата-тегі бір және жалпы туыстық есіммен аталатып қандас туыстардың топтасуымен анықталды. Сондықтан алғашқы қауымның ең көп тараған формасы рулық қауым болды. Туыстардың некелесуіне болмайтындықтан рулық қауымның қандастық негізінің бір бөлігі уақытша болды және некелескеннен кейін (еркектердің анасы жағынан әйелдердің атасы жағынан некесі) одан кетіп қалатын. Ал қауым ұйытқысының тұрақты бөлігі өзіне некелесетін серікті өзге рудан табатын. Туыстық дәнекерлер мен некелік байланыстардың негізінде материалдық және рухани өмірдің түрлі салаларына қауымаралық байланыстар дамып, олар рулық қоғамның негізіне айналады, тайпалық ұйымды туғыаады. Металдан жасалған құралдардың, қоғамдық еңбек бөлініснің және қауымдар арасында тұрақты сауданың пайда болуына байланысты қауым өзара бай, атақты және кедей, бағынышты болып, іштей дәулетті және жарлы, қаналушы отбасылар болып жіктеліп, бірте-бірте селолық қауымға айнала бастады.