lat: qaterli
қауіпті, қорқынышты.
Бұл не? – деп тағы да айтты Әзім сорлы,
Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы?
Шырағым, мұның өзі қатерлі жер,
Бір қаскөй, жәдігөй дәудің орны (Абай).
Оның әрбір сөзі Хикметке қатерлі, қорқынышты болып көрінеді («ТҮН СЫРЫ»).
Өзінің еңбегінде Ленин оппортунизмді сау денеге жабысқан қатерлі дерт, мерезге теңейді (Қ. Сағындықов).