қоғамдық экономикалық формация

lat: qoǵamdyq ekonomıkalyq formasıa

қоғамның тарихи типі, ол белгілі бір өндіріс әдісіне негізделеді және адамзаттың дүние жүзілік тарихының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, құл иеленушілік құрылыс феодализм және капитализм құрылыс формациясына қарай дамуының сатысы болып табылады. қоғамдық экономикалық формация біріншіден, тарихтың бір кезеңін өзгелерінен айыра білуге және «жалпы қоғам» туралы пайымдаулардың орнына белгілі бір формациялардың шеңберінде тарихи оқиғаларды зерттеугө мүмкіндік береді; екіншіден, өндіріс дамуының деңгейлес сатысында болып отырған әртүрлі елдердің (мысалы, капиталистік Англия, Франция, ГФР-дің, АҚШ-тың және т. б.) жалпы және елеулі ерекшеліктерін ашып көрсетуге, олай болса, зерттеуде жалпы ғылыми қайталанбайтын өлшемдерді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл өлшемдерді қоғамдық ғылымға қолдануды субъективистер теріске шығарады; үшіншіден, қоғамды қоғамдық құбылыстардың (семьяның, мемлекеттің, шіркеудін және т. б.) жай ғана жиынтығы, ал тарихи процесті әртүрлі факторлардың (табнғи жағдайлардың немесе оқу-ағарту ісінің, сауданы дамытудың немесе данышпан адам тууының және т. б.) ықпалының нәтижесі деп қарастыратын эклектикалық теорияларға қарама-қарсы, қоғамдық экономикалық формация ұғымы адамзат қоғамын оның дамуындағы әрбір кезеңіндө барлық қоғамдық құбылыстарды олардың табиғи бірлігін және өндіріс әдісі негізіндегі өзара іс-қимылын қоса қамтитын біртұтас «әлеуметтік организм» ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Соңында, төртіншіден ол жекелеген адамдардың ниеттері мен іс-қимылын белгілі бір формацияның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына қарай мүдделері аяқталатын көпшілік бұқараның, таптардың іс-қимылына әкеліп саюға мүмкіндік береді. Әрбір қоғамдық экономикалық формацияның өзінің пайда болуы мен дамуының ерекше заңдары болады. Сонымен қатар әрбір формацияда оларды дүние жүзілік тарихтың біртұтас процесінде байланыстыратын жалпы заңдар әрекет етеді. Бір формацияның екіншісі-мен алмастырылуы әлеуметтік революцияның нәтижесінде болады. Жаңа қоғамдық экономикалық формация әлеуметтік теңсіздікті жою мен өндіргіш күштерді жеделдете дамыту негізінде адамзат прогресі үшіп тарихта тұңғыш рет жағдай жасайды.