рух

lat: rýh

1) филос. шындықты, ақиқатты танып білуге түрткі болатын сана, ойлау сияқты психикалық ерекшеліктер.

2) ауыс. күш, қуат, жігер, дем. 3) жан. 4) елес. 5) өмір. 6) діни. аруақ, құдірет.

Алдауыш достардан күдер үзіп,

Отырсам төңірекке көзім сүзіп,

Сұлуым, ерке сәулем қасыма кеп,

Жанымды жадыратты рух кіргізіп (С. Сейфуллин).

Большевиктер! О, менің қырандарым!

Бейнелерің киелі тұмарларым,

Есімдерің ес тұтар ұрандарым.

Рухтарың Бетпаққа дән өсіріп,

Ерітуде Сібірдің қырауларын (М. Мақатаев).