рухани

lat: rýhanı

1) адамның ой-санасына байланысты, соған тән.

2) діни. дін қызметкері, дін иесі. Мектепті ашарда, әуелі, молда дұға оқыды, одан кейін мен қазақтар арасында орыс білімін таратудың тұрмыстағы және рухани пайдасын түсіндіріп, сөз сөйледім, ақырында мәжілісті шамалы қонақасымен аяқтадық (Ы. Алтынсарин).

Халыққа рухани адалдық тәрбие беру керек. жалтырауықпен алдап, қызылға шақыру жақсы емес, деді ол (А. Машанов).