руми

lat: rýmı

византиялық, грек. Румилық көп ғалымдар магнитті алғашқы табушы бақташы Магнус еді, сол бойынша оны Магнус тасы деп, яғни магнит деп атаған деседі (А. Машанов). Ибн-Сина жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардың ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді («ҚАЗАҚ СОВЕТ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ»).