ресми

lat: resmı

1) заңды, белгілі, әдетті, ғұрыпты.

2) формалы, арнаулы. Араб және парсы тілдерінен кірген сөздерді, біз олардың қалыптасу дәрежесіне қарай, екіге ажыратамыз. Олардың кейбіреулері тек кітаби немесе ресми тілде кездеседі, ал кейбіреулері қазақ тіліне қалыптасқаны соншама, кейде олардың қай тілге жататындығын белгілеу де қиынға соғады (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

Олар бізге жауынгерлік тәртіпті сақтап, ресми түрде сәлем берген еді (Ж. Жұмақанов).