сурет салушы. Жасымнан жетім едім көңілім сынық – Өнерім артық емес ондай ұлық. Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін, Харекетім – суретші, бояушылық (Абай). Шоқан Уәлиханов – аса ойлы суретші («Қ. К.»). Н.Г. Хлудов (1850-1935) – Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, орыс суретшісі (Д. Чебатов). Мақы көркемөнершілер Академиясын (ХІХ ғасырдың орта шенінде) бітіреді. Білетіндер оны аса суретші еді дейді. Бұл - қазақтан шыққан бірінші суретші (С. Мұқанов).