сауап

lat: saýap

1) сыйлық, сыйлық беру. 2) жақсылық іс.

Екі досты қосқанның сауабы бар,

Дос арасын ашқанның обалы бар (мақал).

Меккеге әлің келсе, қылғын тауап,

Болады-ау бір жаныңа үлкен сауап.

Алдыңа ақын болсаң, сала айтайын,

Дүниеде неше жұп бар, берші жауап? (Шөкей).

Қайғырып, қайғы суын көп ішпесін,

Кітаптан сауап істің білдір жөнін.

Ешім мен Мырзабайды мысал етіп,

Қам көңіл қайғырғанның алдыр демін (Кете Жүсіп).