lat: saǵat
1) бір тәуліктің жиырма төрттен бірі. 2) уақытты көрсететін құрал.
Бір бейғамдықтан бір сағат ой артық (мақал).
Міне, бұл көрініс екі сағатқа созылып, тамашаға батамыз деп жиылған желбуаздар кірерге есік, шығарға тесік таппағандай болды (С. Торайғыров).
Жансын жүрек жаныммен бір соғатын,
Көмейге үн, көңілге жыр салатын.
Жансын, жансын, сөнбесін Ильич шамы,
Өтпек емес Ильичсіз бір сағатым (М. Мақатаев).