сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі

lat: sandyq ózgeristerdiń sapalyq ózgeristerge ótýi

қозғалыс мен дамудың қалай, қандай жағдайда болатынын түсіндіретін диалектиканиң негізгі заңдарының бірі. Дамудың бұл жалпы заңы байқалмайтын, біртіндеп жүретін сандык, өзгерістер әрбір жеке процесстің белгілі бір сәтінде қажетті түрде мәнді, түбегейлі, сандық өзгерістерге, ескіден жаңа сапаға секірмелі түрде өтуге алып келеді деп көрсетеді (Сапа мен сан, Өлшем, Секірме). Бұл заң табиғаттын, қоғамның, ойлаудың барлық даму процестерінде орын алады. Ол дамудың диалектикалық тұжырымдамасын және қозғалысты, дамуды тек қана бір нәрсенің сандық өзгерістеріне телитін, ескінің құруы мен жаңаның пайда болуын ескермейтін әртүрлі метафизикалық тұжырымдамалардан айырмашылығын ұғылуда ерекше маңызды. Білімнің кез келген саласының физиканың, химияның, биологияның т. б-дың дамуы, сондай-ақ әлеуметтік өзгерістердің соңғы ондаған жылдардағы дүние жүзілік тарихи тәжірибесі сандық өзгерістердің нәтижесінде болған дамудың диалектикалық теориясын сапалы өзгерістер процессі ретінде растап байытады. Сандық және сапалық өзгерістер өзара байланысты, әрі біріне-бірі себепші болып отырады: сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналуы ғана емес кері процесс заттар мен құбылыстардың сапасының өзгеруі нәтижесінде сандық сипаттамаларының да өзгеруі орын алады. Сандық және сапалық өзгерістер салыстырмалы. Бір қасиетке (жалпылығы азырақ) қатысты ұқсас өзгерістер сапалық болады, басқа қасиетке (жалпылығы көбірек) қатысты сандық болады. Мысалы, капитализмнің монополияға дейінгі сатыдан монополиялық сатыға өтуі сананың абсолюттік өзгеруі болып табылмайды; капитализмнің сапасы бұл жерде біршама маңызды жаңа ерекшеліктер мен қасиеттердің пайда болуы тұрғысынан өзгеріп отыр, ал оның мәні өзгерген жоқ. Дамудың кез келген процесі бір мезгілде әрі үзілісті әрі үзіліссіз болады. Мұндайда үзілістік сапалық секіріс түрінде, ал үзіліссіздік сандық өзгеріс түрінде көрінеді (Эволю-ция және революция). Бұл заңды тұңғыш тұжырымдаған Гегель оны диалектиканың басқа заңдары сияқты мистификациялады. Сан, сапа категориялары және олардың алмасуы Гегель ілімінен абсолюттік идея аясында алдымен дәйексіз формада, тек содан кейін табиғатта көрінеді. Қазіргі философиялық бұл заңды дүниені құрастырудың алғышарты ретінде емес, дүниені зерттеудің нәтижесі ретінде, шын өмірде не болып жатса соның бейнесі ретінде қарастырады. Объективті дүниенің аса маңызды заңы бола тұрып, бұл заң сонымен қатар дүниені тану мен оны саналы түрде практикалық өзгертудің де аса маңызды принципі болып табылады. Қоғам дамуы жағдайларының өзгеруімен диалектика заңдарының көріну формалары да өзгереді.