семантикалық антиномиялар

lat: semantıkalyq antınomıalar

пәні көп тілдің айтылуы болып табылатын, тіркестерде туындайтын антиномиялар.Семантикалық антиномиялардың негізгі түрлерінің біріне жататын антиномия. Милеттік Евбулиданың (б. э. б. 4 ғ.) «Өтірікші» деп аталатын антиномиясы болып табылады. Оның былай айтқындауға болады: [Бұл беттегі тік жақша ішіне алынған сөйілем өтірік|. Егер бұл сөйлем шын болса, оның мазмұнынан өтірік екені шығады. Егер ол жалған болса, тағы да оның мазмұнынан оның шын екені шығады. Осылайша логикалық қайшылық заңының бұзылуына байланысты бұл сөйлем әрі шын, әрі өтірік болып шығады. Семантикалық антиномиялардың тағы бір мысалы - "гетерологиялық предикат" деген ұғымға негізделген К.Греллингтің антиномиясы болып табылады. Кейбір қасиетті білдіретін предикат яғни сөз егер мұндай қасиет жоқ болса (мыс,, «Үшқатпарлы» деген сөздің өзі үш қатпарлы болмайды), онда ол гетерологиялық деп аталады. Бұл анықтаманы «гетерологиялық» предикатына қолданғанда антиномия пайда болады; егер ол гетерологиялық болса, онда ол, анықтама бойынша, өзі білдіретін қасиетке ие бола алмайды, яғни гетерологиялық болып табылмайды: егер ол гетерологиялық болмаса, онда, ол тағы да анықтама бойынша, өзі білдіретін қасиетке ие болуы тиіс яғни гетерологиялық бөліп табылады. Антиномия құралатын тіл өздерінің төл атауларының есімдерімен бірге «ақиқат», «өтірік», «гетерологиялық» яғни т. с. с. предикаттардан тұрған жағдайда сөз етілген антиномиялар пайда болды, семантикалық антиномиялардан арылудың әртүрлі тәсілдері бар: солардың бірі метатіл мен объектісі тілді ажыратудан және метатілдегі предикаттарды дұрыс анықтаудан тұрады. (Формалъданған тілдердегі ақиқат).