социал-дарвинизм

lat: sosıal-darvınızm

өмір сүру мен табиғи сұрыпталуды қоғамдық дамудың басты қозғаушы күші деп қарайтын социологиялық теория. Социологияда 19 ғасырдың аяғында таралған бұл теория Дарвин ілімінің белгілі бір қағидаларын биологиядан социологияға көшіруге тырысқан (және теріс түсіндірілген) орынсыз әрекет еді. (Л. Гумпловч, Г, Ратценгофер, А. Смолл және т.б.). Социал-дарвинизмнің қазіргі кейбір жақтаушылары табиғи сұрыпталу және тіршілік үшін күрес адамзат қоғамында күні бүгінге де жалғасып келеді деп пайымдайды, ал кейбіреулері табиғи, сұрыпталу таза күйде мұнда осыдан 100 жыл бұрын әрекет етті, бірақ кейін ғылым мен техниканың дамуына байланысты тіршілік үшін күрес бәсеңдеді, сөйтіп тек көбірек бейімделгендер емес, сонымен бірге бұрынғы жағдайда құрып бітуге тиістілер де аман қала бастады деп есептеді. Мұндай теорияны насихаттаушылар барлық әлеуметтік кеселдірдің тамыры осынау «толыққанды еместілердің» тез көбеюінде деп біледі. Бұл жерде социал-дарвинизм социологиядағы нәсілшілдік-антропологиялық мектепті мойындайды.