объективті тарихи заңдылық пен адамдардың мақсатты қызметі арасындағы қатынасты сипаттайтын категориялар. Қоғам дамуындағы стихиялық ахуалдар деп: тарихи дамудың экономикалық және әлеуметтік заңдарын адамдардың білмеуін бақылауында болмауын және табиғаттың жойқын күшіндей әрекет етуін, адамдардың саналы іс-қимылы мақсатқа жеткізбеуін, қайта керісінше, олар үшін мүлде күтпеген нәтижелерге әкеп соқтыруын айтады. Тарихи қызметтің саналылығы дегеніміз — адамдардың қоғамдық дамудың өздері бастан кешкен заңдарына сүйене отырып әрекет жасауы және оны өз мақсат-тарын жүзеге асыру үшін жоспарлы түрде бағыттауы. Адамдар бұрын да біртіндеп тарихи қажеттіліктің жекелеген көріністерін тани отырып, өз қызметінде белгілі бір шамада тарихтың объективті заңдарына сүйенген. Әсіресе, бұл объективті түрде жетілген міндеттердің ықпалымен, қоғам дамуының тарихи ол бұрыс кезеңдерінде көрінді. Қоғамдық ғылымның белгілі бір мәселелерінің талданбауынан және объективті заңдарды толығынан пайдалана білмеуден, сондай-ақ қоғамдық сананың қоғамдық болмыстан артта қалуы салдарынан стихиялылық элементтер әлі де орын алып келеді.