lat: suhbattasý
1) кеңесу, әңгімелесу. 2) достасу, тату болу.
Ахмет Кәрім жазғыл деп еттің пәрмен,
Қызметті неге аяйын келсе дәрман.
Жүреміз сұхбаттасып, күліп-ойнап,
Қалмасын тірілікте көңілде арман (Жүсіпбек Қожа).
Сырлассақ, сұхбаттассақ, аулақ артық,
Нашалы боламыз ғой сөйлеп шалқып.
Анаңды да бір жерге жібер, балам,
Сырымды үйрете алман бойым тартып (Абай).