lat: surapyl
ауыс. керемет, қырғын, тажал, жантүршігерлік, ойран-топыр.
Жұлдыздар қалса керек жасырынып,
Сескеніп, ұясына күн тығылып,
Сұрапыл астан-кестен, ойран-топыр,
Әйтеуір бір ғажайып болды бүлік (Қ. Аманжолов).
Қазір қиян-кескі сұрапыл соғыс жүріп жатқан кезде он саусағы ор текедей ойнап, сегіз сағат демалмай мақта теретін ол мың адам қайдан табылмақ (К. Әбдіқадыров).
– Есрафил деп соны айтады екен...
Сұрапыл деген содан қалса керек, – деп,
Сейтен ескі нұсқалардың бірін аяқтады (Ғ. Мүсірепов).