lat: tamasha
ғажап, ерекше жақсы, өте қызық, тамаша.
Тамаша өмір, шаттық жыр Қала, дала, ой мен қыр, Жабайы жаз ба биыл жаз, Төгілген көктем алтын нұр (Жамбыл).
Тамаша Күләнданың нұр сипаты,
Қадірсіз болса дағы шыққан заты,
Ақылды сыпайылық қасиетімен
Жақсы деп жайылған қыз елге аты (Ж. Саин).
В.И.Ленин қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің маңызын былайша сипаттайды: «Тым шытырман құбылыстардың мәнін тамаша, дәл көрсететін қанатты сөздер болады» (Қ. Сағындықов).