lat: zamandas
тұстас, дәуірлес, заманы бір, қатар өскен құрбы. Замандасың болмаса, тойға барма (мақал). Әбіш... Тұрлығұл мен екеуі қатар өсіп, жастықты бірге өткізіп, бірінің-бірі ым-жымына түсінген замандастар (С. Көбеев).
Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды. Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ шерменде өңкей жынды (Абай).