lat: zeınet
1) әдемілеу, безеу, әшекейлеу, 2) иллюминация (әр түсті жарықпен жайнату).
Бейнет, бейнет түбі – зейнет (мақал).
Көл шайқап қаздан тоят алған шақта,
Талай жан сұхбатына құлақ салсаң.
Қызмет қыл да, зейнет тап деген сөз бар,
Жігітке еш жол емес бекер қалған (Жүсіп қожа).
Зейнеті болып еңбектің,
Алтын жұлдыз парады.
Сәулеті болып жер-көктің,
Жарқыратты жиһанды (С. Мәуленов).