ДІҢГЕК

lat: DİŃGEK

яхтаның диаметральді жазықтығына тік орнатылатын рангоуттың негізгі бөлшегі.

Желкендерді орнату үшін қолданылады.

Діңгектер ағаш, металл және арнайы пластиктен дайындалады.

Діңгектің жоғарғы ұшы топ, астыңғысы шпор деп аталады.