Ағымдағы

lat: Aǵymdaǵy

кіт. Kүнбe-күнгi, күнделіктi, қазipгi.

Ағымдағы жылдың басынан қыркүйек айына дейін Ресей экономикасына бағытталған 29 миллиард 135 миллион доллар шетел инвестициясының басым бөлігі Люксембургтің еншісінде екен («Егемен Қазақстан»).

Қазір мәдениет жайын киносыз, кітапханасыз, ағымдағы баспасөзсіз тұрақты театрларсыз сөз ету қиын (М.Әуезов, Шығ.).

Республиканың Премьер- министрі Парламент алдында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселені қою конституциялық құқығында екі рет: 1996 жылы - зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды қабылдау кезінде және 1996 жылы - ағымдағы жылдың бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде пайдаланды («Егемен Қазақстан»).