Адым

lat: Adym

зат. 1. Жүру кезіндегі екі аяқтың ара қашықтық, қадам .

Аяғы қысқаның адымы да қысқа.Әлімбаев, 666 мақал.).

Жұрт асығыс, адымы кең, қолында таяғы.Хұсайынов, Yкiлi Ыбырай).

2. ауыс. Іс-әрекет, ілгері ұмтылыс, қарқын.

Жамбылдың ақындық жолдағы адымдарын асуларын айту үшін оның өскен, үлгі алған ақындық ортасын айту керек. Ысмайылов, Ақындар).

Яғни әсерлену арқылы бiз сыртқы заттардың сындарымен танысамыз. Бұл - сыртқы дүниенi біле бастауымызда бiрiншi адым .Жұмабаев, Шығ.).

Әділдің озар адымы,

Адал жан шығар төбеге. Т

ентек адам шыға алмас

Төбе түгіл сөреге (Қабан жырау, Алтын Қазық).