Адымда

lat: Adymda

ет. 1. Аяқты көсілте, соза басу, қадымдау.

Иығына ақ бірдеңе жапсырып алған қазақ-орыс адымдап үш адым жерді өлшеп, жерді теуіп, тағы бірдеңе деп орысшалады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Лұқпан өкілдің қолындағы қағазды алып, қойнына тығып, ipi адымдап үйден шықты (Б. Майлин, Шығ.).

Нұрперзент басын тұқита түсiп, тeзipeк адымдап жетті (Ш.Мұртаза, Мылтықсыз.).

2. ауыс. Kүшmi қаpқынмeн ілгepi басу, қаpышmау.

Өскен өмip өсе берді

Алға адымдап кеше берді

Адымдап алға басқан соң,

Тұрмыс та болды көңілді (Халық ақындары).

Шешендiккe келгенде,

Алдыңғы адам Сәрсекем.

Жүйpiк аттай ойқастап,

Адымдаған Сәр­секем (Қ.Әзipбаeв, Таңд. Шығ.).